Жыл сайын қыс басыннан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығыннан құтылмайтын. Морфологиялық талдауу
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған. Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін